Ереже

«Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер

1. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Орал қаласының тұжолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар

6. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері — Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, индекс: 090000, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127 А.

9. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы — «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

12. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Қала тұрғындарының қолайлы тұрмыс деңгейіне жағдай жасауға бағытталған мемлекет саясатын тиімді жүзеге асыру.

14. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануды жүзеге асыру;

Негіздеме: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-1 тармақшасы

2) мемлекеттік саясатты тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жүзеге асыру;

3) тұрғындарға тұрғын үй — коммуналдық қызмет көрсетудің деңгейін көтеру;

4) Орал қаласының коммуналдық шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

5) Орал қаласының лифттілік шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

6) барлық тауар, жұмыс және қызмет түрлерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы

21 шілдедегі N 303 Заңы

7) құрылысты, әлеуметтік инженерлік және көліктік инфрақұрылым нысандарын пайдалануды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;

8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою шараларын өткізу;

9) мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру;

10) әр санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы

16 сәуiрдегi N 94 Заңы

11) белгіленген заңнама тәртібімен апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу;

12) қаланың тұрғын үй қорын түгендеу;

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148

Заңының 31 бабы 12 тармағы

13) коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту;

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 11 наурыздағы қаңтардағы N 413 Заңының 31 бабы 126 тармағы

14) сумен қамту және суды бөліп беру жүйелері, сондай-ақ, сумен қамту жүйесін дамыту қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабы 7 тармағы

15) абаттандыру нысандарын дамыту;

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабы 16 тармағы

16) қала көшелерін жарықтандыру, қаланы санитарлық тазалау, жерлеу орындарын қамтамасыз ету және тексіздерді жерлеу, абаттандыру және елді- мекендерді көгалдандыру, жол қозғалыстарын реттеу жабдықтары мен құралдарын пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

17) автомобильдік жолдар жұмыстарын қамтамасыз ету;

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабы 11 тармағы

18) жылуэнергиялық жүйені дамыту;

19) көлік инфрақұрылымын дамыту;

20) қалаішілік қоғамдық жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру;

Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабы 9 тармағы

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

15. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

16. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын жергілікті атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

17. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

18. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет ете алады;

2) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеме мүддесін білдіре алады;

3) заңнамамен белгіленген жағдайларда мүліктерге иелік жасай

алады;

4) келісімшарттар жасайды;

5) сенімхат береді;

6) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны

(шығындар жоспары) бекітеді;

7) жылдық қаржылық есеп беруді бекітеді;

8) мемлекеттік мекеменің іссапар, тағылымдаманың, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытудың, қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің жоспары мен тәртібін бекітеді;

9) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

10) өзінің орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және босатады;

11) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

12) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

13) өзінің орынбасарларының, мемлекеттік мекеменің өзге де жетекшілерінің міндеттерін және құзыреттілік шеңберін анықтайды;

14) мемлекеттік мекеме бөлімдерінің құрылымы туралы ережені бекітеді;

15) заңнамамен, осы ережемен және уәкілеттілік органмен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

16) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жағдайына дербес жауап береді.

Мемлекеттік мекеме бірінші басшысы болмаған кезеңде
оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

20. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

23. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.