есептілік

2019 жылға жолаушы көлігі секторының атқарылған жұмыстар туралы есебі.

 

Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен қоғамдық көлігінің сапасын арттыру бойынша концепция жұмыс жүргізілуде.

1-кезең. Қоғамдық көлік маршруттарының сараптамасын автоматизациялау.

2-кезең. Электронды төлем жүйесін енгізу. (СМС бас)

3-кезең. Электронды төлем жүйесін енгізу (транспортық картасы)

4-кезең. Автобус паркін жаңарту.

1-кезең. Қоғамдық көлік маршруттары сараптамасын автоматизациялау:

2016 жылдың желтоқсан айында «Busreport» программалық қамтамасыз ету құрылғысы 500 автокөлік құралына сатып алынды. Қазіргі уақытта GPS жүйесі барлық 28 қалалық маршрутқа қосылды.

2-кезең. Электронды төлем жүйесін енгізу. (СМС бас)

2017 жылдың 8 қарашасынан бастап (№3, №5, №7, №10, №33, №35, №39,№43) сегіз түрлі маршруттарында SMS-BUS-төлем жүйесі арқылы жүйесі ұялы телефон арқылы қоғамдық көлікте жол жүру төлеу, мұнда жол жүру төлемі СМС көмегімен жүргізуге болады. Орал қаласының тасымалдаушыларымен SMS BUS-төлем жүйесін енгізу туралы келісім шарт жүргізілді. 6000-нан астам транзакция өткізілді.

3-кезең. Электронды төлем жүйесін енгізу (транспортық картасы)

2018 ж 1 ақпанынан бастап пилоттық режімде №51 маршрутта электронды төлем жүйесі енгізілді. 2018 жылдың 1 ақпаннан 1 тамыз уақыты аралығында 1000-нан астам көлік карталары арқылы транзакция бойынша өткізілді, 300 карталары іске асырылды, сондай-ақ, Орал қаласының тасымалдаушыларымен көлік картасы енгізу туралы келісім шарт жүргізілді. 2018 жылғы 13 тамыздан бастап 4 маршрутта (№5,№7,№39, №20) электронды төлем жүйесі енгізілді. 10400 көліктік карта іске асырылып, 129104 көліктік карта бойынша транзакция өткізілді.

4-кезең. Автобус паркін жаңарту.

Ағымдағы жылғы ақпан айында «Оралавтотранс» ЖШС-мен 7 «Вектор» маркалы автобус сатып алынды.

2018 жылдың бірінші тоқсанында ( Орал – Барбастау, Орал-Учужный затон) су көлігі қозғалыс бағыты бойынша конкурс өткізілді. Қазіргі уақытта қаулы жобасы дайындалып, БҚО бойынша Әділет департаментінен тіркеуден өткізуге құжаттар дайындалуда.